Екі әкім орынбасары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Күдіктілердің ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.
Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.
Қаз
Рус






