17 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлағандар ұсталды

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИТаразда 17 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полицияның “102” нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінен 30-дан астам алтын бұйымын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген.

Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан. Жедел-іздестіру  шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны. Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген. Iшкi iстер министрлiгiнің мәліметінше, қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.