Жандарбек Бекшин отырған мекемеге келген блогерлер қызметкерлерді әбігерге салды

417

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАлматыда блогерлер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне келді. Олар ведомствоның қалай жұмыс істейтінін көріп, қызметкерлермен сөйлесіп, қалада енгізілген шектеу шараларына наразылығын білдірген. 

Блогерлер түсірген видео LIFE KZ YouTube арнасында жарияланды. Олар бизнестің тұралап қалғанына шағымданған. 

Белсенділердің сөзінше, зейнет жасына жетуіне байланысты Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин отставкаға кетуі тиіс.

 Блогерлер Бекшинмен кездесуге тырысқан. Алайда оның қолы бос емес болып шыққан. Осылайша, ведомство басшысының кабинетіне блогерлерді кіргізбеген.

 Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген, оларды қызметкерлердің бірі шақырса керек. Полицейлермен әңгімелескеннен кейін блогерлер ведомствоға тағы келіп, Бекшиннің қабылдауына жазылуға тырысқан.

 Сонымен бірге олар ведомство ғимаратындағы дәретханаларға шағымданған. 
 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.