Жандарбек Бекшин отырған мекемеге келген блогерлер қызметкерлерді әбігерге салды
Алматыда блогерлер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне келді. Олар ведомствоның қалай жұмыс істейтінін көріп, қызметкерлермен сөйлесіп, қалада енгізілген шектеу шараларына наразылығын білдірген.
Блогерлер түсірген видео LIFE KZ YouTube арнасында жарияланды. Олар бизнестің тұралап қалғанына шағымданған.
Белсенділердің сөзінше, зейнет жасына жетуіне байланысты Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин отставкаға кетуі тиіс.
Блогерлер Бекшинмен кездесуге тырысқан. Алайда оның қолы бос емес болып шыққан. Осылайша, ведомство басшысының кабинетіне блогерлерді кіргізбеген.
Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген, оларды қызметкерлердің бірі шақырса керек. Полицейлермен әңгімелескеннен кейін блогерлер ведомствоға тағы келіп, Бекшиннің қабылдауына жазылуға тырысқан.
Сонымен бірге олар ведомство ғимаратындағы дәретханаларға шағымданған.