Жаңа туған нәрестелерді 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін сатқан
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева Қазақстанда жаңа туған сәбилердің сатылуына қатысты жантүршігерлік фактілерді жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астанада өткен дөңгелек үстел кулуарында Шынар Көшербаева нәрестелерді асырап алу мақсатында сатқандарды Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық жауаапкершілікке тарту көзделетінін мәлімдеді.
Схемада бала сүйе алмайтын ата-аналар және баласынан бас тартқысы келетіндер бар. Міне, осы арада пайда табу мақсатымен сондай адамдарды іздеумен айналысатын делдалдар шығады", - деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ ол балаларды шетелге алып кету фактілері тіркелмегенін айтты.
Қаз
Рус






