Алматы полициясы стоматологияда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

483

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы полициясы қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде қайтыс болған 22 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ПД баспасөз қызметі бұл дерек ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық істі Әуезов ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. 
Айта кетейік, Алматының 22 жастағы тұрғыны үйлену тойы алдында стоматологиялық клиникаға барған. Тісті алып тастау операциясы кезінде қызға толық анестезия жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.