Мүгедек балаға өзінен 4 жас үлкен балалар қорлық көрсеткен

1 469

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде тараған видеода мүмкіндігі шектеулі баланы өзінен төрт жас үлкен балалар қорлап, аяғын әдейі күйдіргені анық көрінеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Анасы ұлының аяғын қорғау үшін дәкемен орап қойғанына қарамастан, қорлаған балалар оны мазақ қылып, ауыр қылмысқа барған. Бала ауырсынуды сезбеген, себебі ол – мүмкіндігі шектеулі.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашық наразылық білдірді.

«Қорғансыз баланы қорлағандарды қатаң жазалау керек», «Бұл – адамдыққа жатпайды», «Мүгедек баланың несі жазық?» деген пікірлер жауып кетті.

Көпшіліктің айтуынша, жасөспірімдердің мұндай әрекеті – жай бұзақылық емес, нағыз қылмыс. Баланың тағдырына бейжай қарамаған тұрғындар құқық қорғау органдарынан дереу іс қозғауды талап етуде.

Қоғам белсенділері бұл оқиғаны бала құқығын өрескел бұзу деп бағалап, кінәлілерді жазасыз қалдырмауға шақырды.

«Қорғансызға жасалған қиянат – бүкіл қоғамға жасалған соққы», – дейді олар. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.