Су тапшылығына тосқауыл: Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді

2 364

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.com

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін елді-мекендерді 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді ,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.


Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің мәлімдеуінше, елде тек ауызсу мен кәріз жүйелерінің сапасы жақсартылып қана қоймай, сондай-ақ су тарифін төмендету бағытында да нақты шаралар  жасалынып жатқанын айтты.

Сондай-ақ Жүнісбековтің айтуынша, осы бағыттағы қолдауды қамтамасыз ету үшін министрлік үш маңызды нормативтік-құқықтық актіні бекіткен:

  • Ауызсуды жеткізу қызметінің құнын субсидиялау қағидалары;
  • Ауызсудың бір текше метрінің өзіндік құнын есептеу әдістемесі;
  • Елді мекендердің су жүйелерін субсидиялау тізіміне енгізу критерийлері.

 Бұл бастама мемлекеттік деңгейдегі маңызды әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.  Сонымен қатар, нақты нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы — бұл жұмыс тек сөз жүзінде емес, жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.