Қайта сотталған блогер Мұрат Әбділдә түрмеде ән айтты

1 713

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотШымкент қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желіде блогер әрі әуесқой әнші Мұрат Әбділдәнің №54 мекемеде өнер көрсеткен сәтінен бейнежазба жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, түзету мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сотталғандар алдында шағын концерт өткен. Сол шарада Мұрат Әбділдә сахнада ән орындаған.

“Ассалаумағалейкүм, құрметті бауырлар. Бүгін Шымкент қаласы №54 мекемеде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар ұйымдастырыла берсін, аман болайық”, — деді ол бейнежазбада.

Сондай-ақ блогер түрмеден шыққан соң шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты.

“Түрмеден шыққаннан кейін шығармашылықпен айналысамын, бірнеше жаңа ән дайындап қойдым. Жақсы жаңалықтар күтіңіздер”, — деді Мұрат Әбділдә.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы — «Әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бойынша сотталған. Бұған дейін ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын, алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғандықтан, қайтадан колонияға жіберілді.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.