Басшының інісі жүргізушіге оқ атқан

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: hotgeo.ruҚызылорда облысы Бұқарбай батыр ауылында оққа ұшып, бір айдан бері ауруханада жатқан жігіттің жақындары әділдік іздейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

31 жастағы Ержан Мараттың анасы ұлымды шаруашылық басшысының інісі атып тастаған.

Жәбірленушінің тобығына тиген оқ сүйектерін шашып жіберген дейді. Алайда күдіктінің түк болмағандай бостандықта жүргені жәбірленуші тараптың наразылығын туғызған. 

Қазір ауруханада жатқан Ержан Марат шаруа қожалығында көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жігіт басшысының інісімен жұмыс барысында кикілжіңге келген, бірақ жанжалдың неден болғанын білмейміз дейді жәбірленушінің анасы. Тек сол күні кешке үйден шығып кеткен ұлымды басшының туысы атып тастағанын бірақ естіген. 

«Ауыл сыртындағы ескі фирманың маңайына шақырып қолындағы тіркелмеген мылтықпен баламның аяғына қасақана зиян келтіріп, баламды сол жерде соққыға жығып есінен тандырып кеткен», - дейді жәбірленушінің анасы.

Ал аудан прокурорлары бұзақылық бабымен тергеу жүріп жатқанын жеткізді. Барлық мән-жайды алдағы анықтап күдікті заң аясында жауап береді деп сендірді.

Осы оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті де жауап берді:

«Аталған дерек бойынша полициямен ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты аудандық сотымен үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданған. Қылмыстық істің тергелу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында», - деді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.