Басшының інісі жүргізушіге оқ атқан
Қызылорда облысы Бұқарбай батыр ауылында оққа ұшып, бір айдан бері ауруханада жатқан жігіттің жақындары әділдік іздейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
31 жастағы Ержан Мараттың анасы ұлымды шаруашылық басшысының інісі атып тастаған.
Жәбірленушінің тобығына тиген оқ сүйектерін шашып жіберген дейді. Алайда күдіктінің түк болмағандай бостандықта жүргені жәбірленуші тараптың наразылығын туғызған.
Қазір ауруханада жатқан Ержан Марат шаруа қожалығында көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жігіт басшысының інісімен жұмыс барысында кикілжіңге келген, бірақ жанжалдың неден болғанын білмейміз дейді жәбірленушінің анасы. Тек сол күні кешке үйден шығып кеткен ұлымды басшының туысы атып тастағанын бірақ естіген.
Ал аудан прокурорлары бұзақылық бабымен тергеу жүріп жатқанын жеткізді. Барлық мән-жайды алдағы анықтап күдікті заң аясында жауап береді деп сендірді.
Осы оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті де жауап берді:
Күдіктіге қатысты аудандық сотымен үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданған. Қылмыстық істің тергелу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында», - деді.







