Ер адам кішкентай баланы аяусыз соққыға жықты

1 582

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым ЕсентаевАлматының Алатау ауданында ер адам балалар алаңында ойнап жүрген кішкентай баланы тепті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға “Каспий” тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Балалар арасындағы түсініспеушілікті көрген ер адам шамамен 6–7 жастағы баланы бар күшімен теуіп жіберген. Тепкеннен кейін өзі де құлап түскен. Видеода жанындағы әйелдің баланың құлағынан тартып, оны сөгіп жатқаны, баланың әжесімен сөзге келіп қалғаны көрінеді.

Threads желісінде оқиғаны жариялаған қолданушының айтуынша, баланың жағдайы кешке қарай күрт нашарлаған.

“Анасының айтуынша, кешке баласы құса бастаған. Тұра алмай, жатып қалған”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары, кінәлі отбасы баланың еміне кететін шығынды өтесе, тараптардың келісімге келуіне болатынын айтқан. Ал зардап шеккен баланың ата-анасы мұндай келісімге қарсы екенін жеткізді. Олар іс толық әрі әділ тергеліп, қатысы бар адамдардың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Қазір таңда оқиға бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.