«Қарындасының қазасын бизнеске айналдырды»: Нүкенованың ағасы сынға қалды

1 585

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скринМарқұм қарындасы Салтанат Нүкенова жайлы кітап жазып шығарған Айтбек Амангелді қазақстандықтардың сынына ұшырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасы жайлы кітап жазғанын мәлімдеген. 

“Бұл менің кішкентай қарындасым туралы кітап. Оның аты – Салтанат. Кітап қазір Қазақстанда қолжетімді, оны сауда желілері арқылы сатып алуға болады”, – деп жазды ол.

Кітаптың алғашқы тиражы 7 мың дана.

Алайда бұл жаңалық желі қолданушыларына бірқатарына жақпай қалды. Олар Айтбек Амангелдіні қарындасының қазасын кәсіп пен хайпқа айналдырды деп айыптап жатыр.

“Кісі қолынан қаза тапқан Салтанаттың ағасы қайтадан ақпараттық кеңістікте бой көрсетті. Менің ойымша, қайғы жеке адамның ішкі күйі болып қалуы керек, оны өзін-өзі жарнамалау құралына айналдыруға болмайды. Мұндай әрекеттер қалыпты адамдарда тек жиіркеніш тудырады, өйткені оның артында көбіне шынайы аза емес, циникалық есеп жатады. Бірақ адамдар мұның салдары туралы жиі ойлай бермейді”, “Салтанаттың ағасы қайғыны жеке бизнесіне айналдыруға көшті, кітап сата бастады, енді, сірә, фильм де түсіреді және тағы басқа”, – деп жазған олар. 

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.