"Алдап шақырып, ұрып-соғып, көлігін тартып алған": Бопсалаушылар тобы сотталды

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАстананың үш тұрғыны адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылды. Оқиғаның мән-жайын елорда прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыскерлер Telegram мессенджерінде қыздардың атынан жалған аккаунттар ашқан. Сол арқылы ер адамдарды кездесуге шақырып, кейін оларды күштеп қала сыртына алып кеткен. Жәбірленушілерді ұрып-соғып, олардың беделіне нұқсан келтіретін бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыскерлер үш жәбірленушіден бопсалау арқылы жалпы 2,2 млн теңге алған.

"Бір жәбірленушіні микрокредит рәсімдеуге мәжбүрлеп, екіншісінің автокөлігін иемденген", – деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

"Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің залалды өтеу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танысқан кезде сақ болуға тағы да шақырды. Сондай-ақ ауырлататын мән-жайларда жасалған адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.