Иттерге арналған панажай иесін өлтіріп кеткен
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысында «Твардовский дом» негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс 7 қазанда тіркелген.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізіп жатыр
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады ведомство.
Полицияның мәліметінше, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, істің өзге мәліметтері жария етілмейді.
Қаз
Рус






