Қызылордада бес баласына қатыгездік көрсеткен анаға қылмыстық іс қозғалды

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИБайқоңыр қаласында кәмелетке толмаған бес баласына қатыгездік танытқан 40 жастағы келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Құзырлы органның ресми мәліметінше, жергілікті тұрғынның ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғау заңды деп танылған.

«Күдікті 2026 жылдың басынан бері кәмелетке толмаған бес баласының денсаулығы мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне қамқорлық жасауға, олардың негізгі жалпы білім алуын қамтамасыз етуге міндетті болған. Алайда ол балалардың тәні мен жанына жарақат салмай, дұрыс тәрбиелеудің орнына оларға қатыгездік танытып келгені анықталды», деп мәлімдеді прокуратурадан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.