Арнайы жасақ қызметкерін атып кетті

1 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Istockphoto.comАстанада қарулы шабуылға байланысты қылмыс тіркелді. Қала полициясының мәліметінше, жас азамат құқық қорғау саласының қызметкеріне оқ атқан, күдікті көп ұзамай қолға түсті, - деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алдын ала дерек бойынша, қала тұрғыны аңшылық қарумен жол үстімен өтіп бара жатқан автокөліктің жүргізушісіне оқ жаудырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр жарақат алған азаматтың өзі полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 21 жастағы елорда тұрғыны екені белгілі болған. Қару тәркіленіп, қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның нақтылауынша, зардап шеккен азамат құқық қорғау органдарында қызмет атқарады және оқиға болған сәтте еңбек демалысында жүрген. Тергеу барысына байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.