“Қызылжар” клубының бұрынғы бас бухгалтері 7 жыл 6 айға сотталды

1 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Qazaqstan mediaПетропавл қаласында "Қызылжар" футбол клубының экс-бас бухгалтеріне қатысты сот үкімі жарияланған. 63 жастағы Ольга Замелацкая 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу дерегіне сәйкес, ол 2023 жылдан бастап қаржылық есепте жалған құжаттар рәсімдеп, заңға қайшы әрекеттерге барған. Сот барысында оның сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемденгені және салық пен басқа да міндетті төлемдерден жалтарғаны анықталған. Осыған байланысты ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы және 245-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Аталған іс бойынша сот процесі өткен жылдың шілде айында басталған. Петропавл қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп тауып, сот залында қамауға алынған.

Үкімге сәйкес, Замелацкая жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ол 7 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар және басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылған.

Сот шешімімен айыпталушыдан "Қызыл-Жар СК" футбол клубының пайдасына 67 млн 225 мың теңге көлемінде материалдық залал өндіріледі.

Бұдан бөлек, клуб өкілінің адвокаттық шығындары ретінде 3 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің пайдасына 287 млн 163 мың теңге және 10 млн 721 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілетін болды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.