Қар барысы өзімен суретке түскісі келген әйелге шабуыл жасап, бетін жарақаттаған

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотҚытайда турист әйел қар барысына жақындап, селфи жасамақ болған сәтте шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ мәліметінше, әйел шаңғымен сырғанап жүрген. Қонақүйге қайтып бара жатқан жолда ол қар үстінде жатқан қар барысын байқаған. Билік бұл аймақта жыртқыштың пайда болғаны жөнінде алдын ала ескерту жасаған. Турист оған қарамастан жануарға шамамен үш метр қашықтыққа дейін жақындап, суретке түспек болған.

Қар барысы кенеттен әйелге шабуыл жасаған. Ол әйелді қалың қардың арасына құлатып, басып алған. Кейін оған айналасындағылар көмекке ұмтылған. Әйелдің беті қанға боялған.

Әйелді қар барысының шабуылынан басындағы шлем қорғап қалған. Нұсқаушы шаңғы таяқтарымен жыртқышты үркіткеннен кейін ғана шабуыл тоқтаған.

Әйел жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ екенін хабарлаған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.