3 полиция қызметкері қыз зорлаған

1 515

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Polisia.kzТүркістан облысында үш полиция қызметкері тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ хабарлауынша, бұрынғы полиция қызметкерлерінің қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріліп жатыр және ол тергеп-тексеру аясында құқықтық баға алады.

Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесінде аталған үш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызмет беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.

"Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", - деп хабарлады министрлік.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.