3 полиция қызметкері қыз зорлаған
Түркістан облысында үш полиция қызметкері тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
ІІМ хабарлауынша, бұрынғы полиция қызметкерлерінің қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріліп жатыр және ол тергеп-тексеру аясында құқықтық баға алады.
Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесінде аталған үш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызмет беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.
Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", - деп хабарлады министрлік.







