«Түрі ұнамаған»: Ер адам көшедегі әйелді не үшін пышақтағаны белгілі болды

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PixabayШымкенттегі трагедия: күндіз көшеде ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасаған еді. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

41 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Күдіктінің айтуынша, мұндай жауыздыққа баруына марқұмның түр-әлпеті ұнамағаны себеп болыпты. Ол мұнымен қоймай, полицияға да қарсылық көрсеткен. Сол себепті тәртіп сақшылары оны ұстағанда қару қолдануға мәжбүр болған.

Күдікті жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін де сотты болған күдіктіге «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Шымкент ПД бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.