Әйел өз баласын ұрып видеоға түсіріп, бұрынғы күйеуіне жіберген

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ru.freepik.comАлдын ала мәлімет бойынша, әйел видеоны бұрынғы күйеуінен кек алу үшін түсіріп, жіберген. Видеодан  баланың маңдайы ісіп кеткенін, оны аямайтынын айтып, бетінен ұрып жатқаны байқалады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласының полициясы осы жағдай бойынша тексеру бастаған.

“Балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицияда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.
“Балалар Балалар үйіне орналастырылды. Онда олардың қауіпсіздігі, күтімі және қажетті медициналық көмегі толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта олар мамандардың бақылауында, жағдайлары тұрақты деп бағаланып отыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Ведомство өкілдері балаларға қатыгездік көрсетуге жол берілмейтінін атап өткен. Сондай-ақ кінәлі тұлғалардың барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады деп сендірген.

Ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.