"Яндекс Такси" жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Sputnik/ Владислав ВодневАлматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау. Себебі бүгінде қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.

Былтыр Яндекс Таксиде табысын жасырып жүрген 110 адам анықталған болатын. Сол кезде 57-сіне әкімшілік шара қолданылса, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынған болатын.

"Ал келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді", - дейді прокурорлар.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.