"Яндекс Такси" жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі
Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау. Себебі бүгінде қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.
Былтыр Яндекс Таксиде табысын жасырып жүрген 110 адам анықталған болатын. Сол кезде 57-сіне әкімшілік шара қолданылса, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынған болатын.







