300 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт салынады

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақмола облысында майды сығындылау зауытын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik сайтына сілеме жасап.

"Содружество Қазақстан" серіктестігі күнбағыс, рапс, соя және зығыр тұқымдарын терең өңдейтін жоғары технологиялық кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. Зауыттың өндірістік қуаты — тәулігіне 3 мың тонна шикізат, яғни жылына шамамен 1 млн тоннаны құрамақ.

"Кәсіпорында жыл сайын 300 мың тоннаға дейін өсімдік майы және 400–500 мың тонна шрот пен жом өндірілмек. Жобаны іске асыру мерзімі 18 айдан 36 айға дейін деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 76 млрд теңгеге бағаланып отыр. Нәтижесінде 400-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынды іске қосу май-тоң май саласын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға маңызды серпін береді, дейді министрлікте.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.