Атасы 7 жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өскемен қаласында зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның немересіне бірнеше рет пышақ сұққаны айтылған. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді.
Оның айтуынша, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Қаз
Рус






