Канаданың премьер-министріне вакцинаға наразылық білдіргендер тас атты

427

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоға міндетті вакцинаға наразылық білдірушілер тас атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Онтариодағы сайлауға қатысты митингіден кейін, шенеунік автобусқа отырып жатқанда болды.

Тастың бір бөлігі премьер-министр Трюдоға, ал бір бөлігі оның күзетшілеріне тиді.

Алайда олардың ешбірі ауыр жарақат алмаған.

Канадалық премьер-министрмен кездесуге Трюдо саясатымен келіспейтін азаматтар келді. Олардың арасында Канада халық партиясының жақтастары да болды.

Олар коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап етті.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макронды Дром департаментіне сапары кезінде ер адам шапалақпен салып жіберген болатын. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.