Мектеп оқушысына қаңғыбас иттер шабуылдады

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан  скринАқтөбеде Шанхай ықшамауданында мектеп оқушысы қаңғыбас иттерге таланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

13 жастағы Темірланға көшедегі адамдар араша түсіп, жеткіншек қатты жарақат алмаған. Бірақ бойында қорқыныш пайда болған.

“Сол күні больницаға барып, вакциналарды алып аман-есен келді. Әлі де қорқыныш бар балаларда. Далаға да, ойнауға да, мектепке де бара алмайды. “Мама апарып тасташы” дейді. Артынан тістеп алды. Вакцина керек деп айтқан. 4 рет апта сайын алуымыз керек. Вакциналар ауыр. Баламның қызуы көтеріліп жатты”, – дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны Салтанат Боранқұлова

Тұрғындардың айтуынша, иесіз иттер қоқыс жәшіктерінің маңын күзетіп, келген адамдарға шабуыл жасаған. Бала түгілі үлкендерден де қорықпайды дейді. Сондықтан көпшілік ұл-қыздарының қауіпсіздігіне алаңдайды.

“Алдында баламды мектепке апарғанда ит артымыздан қалмай аңдып барып, аңдып алып келеді. Балалар қоқыс төккенде де қорқады. Иттер өте көп. Артқы жақтағы магазинге де барайық десек бара алмаймыз. Кәдімгідей иттер деген толып отырады. Бір шара қолданса жақсы болар еді. Ит қайта-қайта үсті үстіне туып жатыр”, – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алмагүл Асанғалиева.

“Жануарларға жауапкершілікпен қарау” туралы заңға өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес, қаңғыбас иттерді аулау міндеті ветеринария басқармасынан алынып, ауыл шаруашылығы бөліміне берілген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.