Жезқазған–Қарағанды тасжолында 300 келіден астам марихуана тәркіленді

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Photo : Polisia.kzҰлытау облысында құны 3 млн АҚШ доллары тұратын есірткі тәркіленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жезқазған - Қарағанды автожолында 300 - келіден астам есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұстаған. Ұлытау облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі есірткі жеткізу арнасын анықтап, оның жолын кесті. Арнайы операция барысында күдіктілердің көлігін тексеру кезінде 300 - келіден астам марихуана тәркіленген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы көлемі шамамен бір миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Сарапшылардың бағалауынша, оның қара нарықтағы құны 3- миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

"Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұстлдаы. Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Құқық қорғау органдары есірткі жеткізу арнасының өзге де қатысушыларын анықтау бағытында жұмыс жүргізуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.