Елімізде табиғи аймақта браконьерлікке тосқауыл қойылды

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© polisia.kzҚарағанды облысында “Уылдырық шашу” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғатты қорғауға бағытталған рейдтік жұмыстар қарқын алуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

9-шы сәуір күні облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров және Бұқар Жырау аудандарының, сондай-ақ Балқаш қаласы полиция бөлімшелерінің және Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жедел тобы инспекторларымен бірлесіп ауқымды рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында су айдыны аумағында, Сарышаған кентінен шығысқа қарай шамамен 25 шақырым жерде орналасқан кәсіпшілік телімдердің бірінде заңсыз балық аулау дерегі анықталды. Жедел іс-шара нәтижесінде 36 жастағы ер адам моторлы пластик қайықпен, тиісті рұқсат құжаттарынсыз және заңмен тыйым салынған аулау құралдарын пайдаланып балық аулап жатқан жерінде ұсталды. Оқиға орнынан пластик қайық, Yamaha 85 маркалы аспалы қозғалтқыш, жалпы ұзындығы шамамен 2000 метр болатын балық аулау торы, сондай-ақ 79 келі көлемінде әртүрлі балық тәркіленген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 671 мың теңгеден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.