Көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен үш бала қаза тапты

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Мақсат Шағырбаев / KazinformАстана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15- ші қабатындағы пәтерден өрт шыққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарлама түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел түрде жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтердің ашық жалынға оранғаны анықталды. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған. Зардап шеккен тұрғын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, емдеуге жатқызылған.

Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. ТЖМ қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген,- делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт толықтай сөндірілген. Қазіргі уақытта оның шығу себептері анықталып жатыр. Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.