6 жасар қыздың телефонына ер адам хат жазып, қоңырау шалған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әлеуметтік желіде дәрігер-гинеколог 6 жасар қызына бейтаныс ер адамның түнімен қоңырау шалып, хаттар жазғанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Жансұлу Жазыбаева өзінің жеке парақшасында бөліскен. Айтуынша, түнгі 22.15 шамасында қызының телефонына түн ішінде үлкен ер адам хат жазған және оншақты рет қоңырау шалған.
Ол ата-аналарды балаларының телефонын тексеріп отыруға шақырды.
Қаз
Рус






