6 жасар қыздың телефонына ер адам хат жазып, қоңырау шалған

1 548

Сурет:© видеодан скриншотӘлеуметтік желіде дәрігер-гинеколог 6 жасар қызына бейтаныс ер адамның түнімен қоңырау шалып, хаттар жазғанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жансұлу Жазыбаева өзінің жеке парақшасында бөліскен. Айтуынша, түнгі 22.15 шамасында қызының телефонына түн ішінде үлкен ер адам хат жазған және оншақты рет қоңырау шалған.

«Уақыт 15.04.26 жыл, сағат 22:13, Семей қаласы. Осындай надан, шектен шыққан адамдардың арамызда жүргенін жұрт білсе деймін! 6 жасар қызымның нөміріне түнде хат жазып, қоңырау шалған. Қыздарым қазір ұйықтап жатыр. Бұл – норма емес! Бұл – қылмыс! Мен ана ретінде бұған көз жұма қарай алмаймын. Ертең міндетті түрде тиісті орындарға барып, ресми түрде арыз жазамын», - дейді дәрігер.

Ол ата-аналарды балаларының телефонын тексеріп отыруға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.