Әйелімен жанжалдасқан ер адам жаңа туған баласын 5 қабаттан лақтырмақшы болған

3 275

Қызылжар тұрғыны жаңа туған нәрестесін бесінші қабаттан лақтырмақшы болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі astana.kz арнасына сілтеме жасап.


Оқиға қаладағы жатақханалардың бірінде болған. 23 жастағы жігіт ішімдікке тойып алып, жұбайымен жанжалдасып қалған. Ізінше туғанына бірнеше күн ғана болған қызын терезеден лақтырамын деп көрші-қолаңды қорқытса керек. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер мен құтқарушылар бұзақыны сабыр сақтауға шақырды. Алайда, нәтиже шықпағандықтан сала мамандары пәтерге баса көктеп кіруге мәжбүр болды.


"Төтенше жағдай қызметкері өзін арқанға байлап, ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке арнайы жасақ кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді. 2023 жылы туған қыз бала зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - CҚО ПД Баспасөз қызметінің маманы Нұрбек Баекин.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.