Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Балық шаурашылығы комитетіКаспий теңізінің Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағындағы жағалауын мониторингілеу кезінде 97 итбалықтың өлексесі табылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

17-ші сәуірде батыстан соққан желдің әсерінен Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауына 191 итбалықтың өлексесі шығып қалғаны белгілі болды. Оқиға орнына жұмыс тобын құру, өлі итбалықтардан сынама алу, қырылу себептерін анықтау және өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында инспекторлар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері барған. Гидробиология және экология институты мамандарының пікірінше, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын қырылған. 

Қазіргі уақытта жағалау аумағында тексеру және мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар су мен топырақтан, сондай-ақ өлекселерден сынамалар алып, зертханалық сараптамаға жіберуде. Гидробиология және экология институты мамандарының пікірінше, итбалықтар шамамен бір ай бұрын өлген, алайда олардың өлекселері Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жағалауына тек қазір батыстан соққан дауылды желдің әсерінен жеткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.