Алматылықтың көлігі өртенді: тапсырыс беруші анықталды

451

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматылықтың көлігін өртеуге тапсырыс беруші анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш қылмыс 2021 жылдың мамыр айының соңында болған. Зерттеу кезінде анықталғандай, бөгде затты, атап айтқанда жанғыш сұйықтықты пайдаланған үш адам, 33 жастағы С.есімді азаматшаға тиесілі “Киа” маркалы көлікті әдейі өртеген.
Күдіктілер дереу анықталды. Олар өртеу фактісін мойындады және А.есімді азаматшаның 400 мың теңге сомасындағы ақшалай сыйақысы үшін тапсырысты орындағандарын айтты. Қылмыс жасағандар ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылды және қамауға алынды. Тапсырыс берушінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлімі, 202-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін сотқа дейінгі тергеу органы А.есімді азаматқа қатысты “қамауда ұстау” түріндегі шараны шығарды, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.