Әскери қызметкерлерде жалақы мен жәрдемақы мөлшері артты

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Azattyq ruhyЕнді Қазақстанда жақын туысы қайтыс болған әскерилер 425 мың, үйленіп, балалы болғандарға 255 мың теңге көмек алатын болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақы және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрық 21-ші сәуірден бастап күшіне енген. Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, бюджеттен үнемдеген қаржының есебінен енді әскери қызметшілерге төленетін материалдық көмек едеәуір көбейген. Кез келген төлемнің ең төменгі көрсеткіші – елдегі ең төменгі жалақыға тең болады.

«Жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртынан жақын туысы қайтыс болғанда төленетін әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшері - 425 мың теңгеге жетуі мүмкін. Некесін қидырған, баласы туған, бала асырап алған, болмаса мүлкіне залал келіп, еміне қажет болса, оған 255 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.