Әскери қызметкерлерде жалақы мен жәрдемақы мөлшері артты

1 529

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

military-kzҚорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерге төленетін жалақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстанда әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мақсатында төленетін материалдық көмек мөлшері 425 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Жаңа ережеге сәйкес, төлемдер келесі жағдайлар бойынша жүзеге асырылады:
Материалдық көмек мөлшері:
• 425 000 теңгеге дейін (5 ең төменгі жалақы) — жақын туыстары, жұбайы немесе қайын жұрты қайтыс болған жағдайда;
• 255 000 теңгеге дейін (3 ең төменгі жалақы) — некеге тұру, бала туу, бала асырап алу, мүліктік зиян келу немесе емделу қажет болған жағдайларда беріледі.
Сыйақы беру тәртібі:
Құжатта әскерилерді ынталандырудың жаңа тетіктері де қарастырылған. Сыйақылар келесі жетістіктер үшін берілуі мүмкін:
• Ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;
• Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін;
• Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге орай;
• Мерейтойларға байланысты (40 жасқа толғанда және одан кейін әр бес жыл сайын).
Бұл шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға және офицерлер мен сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.