Полицейді шапалақпен ұрғаны үшін екі жылға сотталды

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©kursiv.media коллажыҚаратал ауданында полиция қызметкеріне күш қолданған жергілікті тұрғын сот шешімімен екі жылға бостандығын шектеу жазасына тартылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі kz.kursiv.media  сайтына сілтеме жасап.

Оқиға учаскелік инспектордың «102» арнасына келіп түскен шақырту бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам полиция қызметкеріне қарсылық танытып, агрессия көрсеткен. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, күдікті тәртіп сақшысының бетінен ұрып, оның қызметтік бейнежетонын жұлып алған.  Полицейдің погонын бүлдіріп, мемлекеттік қызмет өкіліне қатысты заңсыз әрекет жасаған. Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдер мен айғақтарды ұсынған. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.Сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді.Жетісу облысының прокуратурасы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты жасалған кез келген заңсыз әрекет үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Сот үкімі заңды күшіне енген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.