АҚШ-тағы қазақ отбасының сәбиін бала күтушісі бірнеше ай бойы қорлап келген

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© видеодан скриншотАҚШ-та тұратын қазақстандық әйелдің бір жасар қызын бала күтушісі ұрып-соққан,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Автор бала күтушісі – қазақ әйел екенін және ол сәбиін 6 ай бойы қарағанын айтқан. Осы уақыт аралығында күтуші баланы қинап келген. Алғашында ештеңеден күдіктене қоймаған ата-ана кейін камерадағы жазбаларды көргенде сұмдық көрініске тап болған.

«Бізде ол 6 ай жұмыс істеді. Бейнежазбадан 1 жасар қызымызға жасалған адам шошырлық әрекеттерге куә болдық. Баланың қолын бұрап, ауыртқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, қызымыздың шекесінде жарақат іздері болды. Сұрағанымызда, қабырғаға соғып алғанын айтты. Бірақ біз оған сенбейміз. Қазір барлық бейнежазбаны сақтап қойдық, қызымды дәрігер мұқият тексерді»,- дейді зардап шеккен бүлдіршіннің анасы.

Қазіргі уақытта бүлдіршінді білікті дәрігер тексеріп, дене жарақаттарын ресми түрде тіркеген. Бүлдіршіннің анасы өзгелерді сақ болуға шақырды.

«Өтінемін, бала күтушісін таңдағанда барынша сақ болыңыздаршы. Бейтаныс адамға өз балаңызды сеніп тапсырмас бұрын, ол туралы ақпаратты, ұсыныс хаттарын мұқият тексеріңіздер», - деді баланың анасы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.