Жүргізушілерге қымыз ішуге рұқсат па? Мас күйді анықтау тәртібі өзгермек
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілерді медициналық куәландыру ережелеріне өзгеріс енгізуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство даулы жағдайлардың алдын алу үшін алкоголь мөлшерінің шекті деңгейін 0,3 промилле етіп белгілеуді ұсынып отыр. Мұндай жағдайлар құрылғының өлшеу қателігі, ағзадағы зат алмасу ерекшеліктері (эндогендік алкоголь) немесе кейбір тағамдарды тұтыну салдарынан ең төменгі көрсеткіштерді тіркеген кезде туындауы мүмкін.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі алкотестер көрсеткішінің 0,3 промилледен төмен болуы ішімдік ішкеннен кейін көлік жүргізуге рұқсат бермейтінін атап өтті. Мас күйде екенін анықтау туралы қорытындыны дәрігерлер бұрынғыдай кешенді түрде қабылдайды. Бұл ретте адамның сөйлеу мәнері, реакциясы, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі және зертханалық талдау нәтижелері ескеріледі.
Бұйрық жобасы қазір келісу сатысында. Оны қабылдау биылғы жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында күтілуде.
Қаз
Рус






