Такси жүргізуші туристерден әуежайдан қалаға дейін 150 доллар алған

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©kolesa.kzАлматы қаласының Бостандық аудандық полиция қызметкерлері шетелдік туристерден заңсыз алынған ақшаны қайтарып берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Үндістанның екі азаматы халықаралық Алматы әуежайынан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін таксимен барғаннан кейін жүргізуші жолақы ретінде олардан 150 АҚШ долларын талап еткен. Сөйтіп туристер полицияға жүгінген. Тексеру барысында жүргізушінің жеке басы жедел анықталып, заңсыз алынған қаражат шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарылған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады. Алматы қаласының полициясы жолаушыларды, оның ішінде қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң бағаланатынын ескертеді, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.