Елге смартфон әкелетіндерге жаңа талап енгізілді

1 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©istockphoto.comҚазақстанға шетелден смартфон немесе ұялы байланыс модулі бар басқа да құрылғыларды әкелетін азаматтар үшін жаңа талап күшіне енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

 Енді кедендік декларацияны толтыру кезінде құрылғының IMEI-кодын көрсету міндетті. Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының №34 шешіміне сәйкес қабылданған. 

Жаңа талап жеке пайдалану үшін әкелінетін мынадай құрылғыларға қолданылады:

- смартфондар мен ұялы телефондар;

- ұялы байланыс желісін қолдайтын планшеттер;

- IMEI-коды бар және мобильді байланыс желілерін пайдаланатын басқа да құрылғылар.

Енді жолаушылар кедендік декларациясын толтырған кезде құрылғының халықаралық сәйкестендіру нөмірі – IMEI-код міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл ақпарат декларациядағы «Тауардың атауы және сипаттамасы» деген бағанға енгізілген.
Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіруінше, IMEI-код құрылғыны сәйкестендіру және оны Қазақстанның байланыс және кеден заңнамасына сәйкес тексеру үшін қажет. Бұл талап байланыс құрылғыларының заңды айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Ведомство азаматтарға декларацияны мұқият толтыруды ескертеді. Егер кедендік декларацияда толық емес немесе жалған мәліметтер көрсетілсе, азаматтарға ЕАЭО және Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Кедендік рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болмас үшін құрылғының IMEI-кодын алдын ала тексерген жөн. 

Оны: құрылғының қорабынан; телефон немесе планшет корпусынан; құрылғының баптауларынан көруге болады.

Осы кодты кейін жолаушылар кедендік декларациясына дұрыс енгізу қажет. IMEI жүйесінің енгізілуі заңсыз әкелінетін құрылғылардың айналымын азайтып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Алайда іс жүзінде бұл жүйе қоғамда түрлі пікір туғызуда. Әлеуметтік желілерде шетелден сатып алынған немесе бұрын пайдаланылған кейбір смартфондардың IMEI-коды жүйеде расталмай, құрылғылардың байланыс желісіне қосылмай қалғаны туралы шағымдар көбейген. Сонымен қатар мұндай мәселелерді ақшаға «шешіп береміз» деп делдалдық қызмет ұсынатындардың пайда болған. Осыған байланысты мамандар азаматтарға смартфон сатып алар алдында оның IMEI-кодының заңды тіркелгенін тексеруге және құрылғыны ресми сатушылардан алуға кеңес береді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.