Жаңа туған сәбиін дәретханаға ағызып жіберген әйел ұсталды

1 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© ашық дереккөзАстанада кәріз жүйесінен табылған жаңа туған сәбиге қатысты 29 жастағы әйел ұсталды,- деп хабарлайды kznews.kz.

Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеген. Ведомствоның дерегінше, аталған оқиға бойынша 29 жастағы әйел анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүктіліктің алтыншы айында мерзімінен бұрын босанған. Оқиғадан кейін қонақүй орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары да шағымдарын айтты. Олардың сөзінше, аталған нысаннан түнгі уақытта айқай-шу жиі естіліп, полиция бірнеше рет шақырылғанымен, мәселе түбегейлі шешілмеген.
Полиция мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері осы қонақүй бойынша «102» қызметіне барлығы 19 шақырту түскен. Нәтижесінде тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тағы 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар қонақүй иесіне құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды туындататын себептерді жою жөнінде ресми ұсыным берілген. Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл аумақ учаскелік инспекторлардың тұрақты бақылауында.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.