70 жастағы тұрғын көз жұмды

1 576

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

70 жасФото: Opennews.kz ЖИтағы әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен,-деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Зейнеткер жедел жәрдем бригадасы келгенше жан тапсырған. 

Полиция мәліметінше, оқыс жағдай Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел адам құлап кеткен. Ол алған жарақатынан жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 70 жаста болған және осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қажетті процессуалдық іс-шараларды жүргізуде.

"Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", - дейді ПД өкілдері.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.