Хиджаб киген әйелді бассейннен қуып шықпақ болған

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: ult.kzӘлеуметтік желіде Нефтекумск қаласындағы бассейндердің бірінде орын алған келеңсіз жағдай туралы ақпарат тараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысының айтуынша, ол 3 жасар қызын бассейндегі жаттығуына ертіп келіп, күтіп отырған жерінен мекеме қызметкерлері оны сыртқа шығаруға тырысқан. Бұған оның хиджаб кигені себеп болған көрінеді. 

Жәбірленушінің сөзінше, оған бассейн әкімшілігі мен медбике тарапынан қысым көрсетіліп, балағат сөздер айтылған. Ол өзінің суға түспейтінін, тек баласын күтіп отырғанын айтса да, мекеме қызметкерлері «шешінбесең, бұдан былай кіргізбейміз» деп талап қойған. Қазіргі уақытта бұл оқиға желіде қызу талқыланып жатыр.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.