60 жастағы жылқышы сот қателігінің құрбаны болды ма

1 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринОсыдан бір апта бұрын Рахат Сәрсеновтің есімін көп адам біле бермейтін. Ал қазір оны журналистер Қазақстанның түкпір-түкпірінен іздеп келіп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оләуелі 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталып, кейін іс қайта қаралған соң бостандыққа шыққан. Енді жылқышы жалғыз баспанасынан айырылып қалудан қорқады. Ал оның бұрынғы жұмыс берушісі мемлекеттен орден алған.

Тілшілер 60 жастағы ер адаммен сөйлесіп, адвокатынан пікір алып, оның шынымен де сот қателігінің құрбаны болған-болмағанын анықтауға тырысып көрді.

▪️Далада 33 жыл

Рахат Сәрсенов 16 жасынан бері мал баққан. Мұғалжар ауданының Жалғызағаш ауылындағы «Тайбурыл» шаруа қожалығының жылқысын 33 жыл бойы қараған. Айтуынша, жұмысы ауыр болғанымен, басқа өмірді елестете алмаған.

— Сізге қанша жалақы төледі?

— Алдымен 10 мың теңге. Кейін 20 мың. Одан соң 35 мың болды. Тек 2023 жылдан бастап 150 мың теңге төлей бастады.

— Жалақыдан бөлек, шаруашылықтан тағы бірдеңе алатын ба едіңіз?

— Жоқ. Қысқа ет керек болса да, өз ақшама сатып алатынмын. Осылай өмір сүрдік… Маған тек үйді кепілден шығарып алуға көмектессе болды. Емделуге де көмектессе екен. Үйде ұзақ отыра алмаймын, ауа жетпейді. Далаға шықпасам, тұншыға бастаймын. Біз қаңтардың қақаған аязында да далада қонып, табынды күзететінбіз. Күндіз-түні. Қасқырлар шабуылдап кетеді деп қорқатынбыз. Осылай өмір сүрдік.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.