Қазақстандық әйел ақауы бар көлік үшін ақша өндіріп алды

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Opennews.kz /ЖИҚостанай тұрғыны ескі көлік сататын компаниядан жеті миллион теңгеден астам соманы сот арқылы өндіріп алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Әйел автосалоннан жүрілген көлік сатып алуды ұйғарған. Алайда көп ұзамай, темір тұлпарды қабылдап алғанға дейін оның ақауларын байқаған. Кемшіліктердің нақты не екені көрсетілмеген, бірақ оларды анықтауға тәуелсіз техникалық диагностика көмектескен. Келісімшартты бұзып, ақшаны қайтару үшін сотқа жүгінуге тура келген. Бірақ сот талап арызды қанағаттандырмай, сатушының автокөлікті қабылдау туралы қарсы талабын мақұлдаған. Әйел бұл шешімге облыстық сотқа шағым түсірген.

"Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді, сатып алу-сату шарты бұзылды. ЖШС-ден талап қоюшының пайдасына автокөлік құны ретінде 7 миллион 300 мың теңге және 100 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі міндетін атқарушы Юлия Ярошенко.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.