Блогер кәсіпкерден 2 миллион теңге ақша бопсалаған

1 669

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрАтырауда полиция кәсіпкерден 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


26 жастағы блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен.


Ол азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 миллион теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген.


Сондай-ақ, күдікті ақпанда сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.


Қазір күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 


"Бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз, 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.